БАҚ материалдары

02.03.2016

Қайырымды бола түсейік!

"АҚТӨБЕ" газеті 

1 наурызда елімізде жаңа мереке — Алғыс айту күні бірінші рет атап өтіледі.

1 наурыз — Қазақстан халқы Ассамблеясының да құрылған күні. Ассамблеяға Қазақстанды құтты мекен еткен 130 ұлт өкілдері, ал Ақтөбе облысында 90 ұлт өкілдері біріккен. «Тату елге тыныштық пен тоқшылық – нәсіп» — деген Күлтегін бабамыз. Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық, бірлік пен жасампаздық — Елбасының саясаты мен қазақ халқының бауырмалдығының нәтижесі.

24.07.2015

76 Әйел жұмысқа орналасты

"АҚТӨБЕ" газеті, 23 шілде 2015 жыл.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиеваның төрағалығымен қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиында отбасы, жұмыспен қамту, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көтерілді. Қаладағы «Ана үйі» кризистік орталығының директоры Таңсұлу Лақова орталықтың жұмысы туралы баяндады. Осыдан
бір жыл бұрын қалада түрлі себептермен кішкентай баламен жалғыз қалған жас аналарға арналған «Аналар үйі» ашылған болатын. Осы уақытқа дейін орталықты 36 ана паналаған. Қазіргі таңда бұл үйде 11 ана, 8 бала тұрып жатыр. Олардың қатарында күйеуімен ажырасқан, жігіті алдап кеткен, оң жақта отырып бала көтерген соң туған-туыстары теріс айналған, ойнақтап жүріп, от басып, бойына біткен баласынан бас тартқысы келген жас қыздар бар.

22.06.2015

Өрісі кең өркенді істер

"Егемен Қазақстан" газеті, авторы Сатыбалды СӘУІРБАЙ.

04.02.2015

ИНДУСТРИЯ ЕКПIНI БIР ҚАЛЫПТЫ

AND.KZ порталы

Отандық экономиканың көрсеткіштерін 6% шамасында жоғары өсіреміз десек, ел ішінде жылына кем дегенде 100 мыңдай жұмыс орны ашылуы тиіс. Сарапшы қауым осындай дерек келтіреді. Айтқандай-ақ, әдетте кәсіби жоғары деп танылатын қызмет түрлерінің 80%-дайы өңдеуші өнеркәсіптің еншісіне келеді екен. Сол сияқты, индустриалды секторда ашылған бір жұмыс орны – қызмет көрсету саласында 3-5 шақты жұмыс орнын ашуға түрткі бола алады.

08.01.2015

Экономика дамуының негізі – мұнай саласы мен теңіз портына қатысты Маңғыстауда жаңа кәсіпорын іске қосылды.

"Егемен Қазақстан" газеті

Ақтау халықаралық теңіз-сауда портына жақын маңайдағы қажетті инфрақұрылымдармен толық­­тай қамтамасыз етілген 8 мың га-ға жуық аумаққа орналасқан кәсіпорын «Алтын Қыран» компаниялар тобына кіреді. Сақтау қуаты 50 мың м³ сыйымдылықты құрайтын оның бір жылда шамамен 2 млн. тонна көлеміндегі қара және ашық түсті мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу мүмкіндігі бар. Құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын терминал қазақстандық үш мұнай өңдеу зауыттарының өнімдерін экспортқа шығарумен және су жолымен келетін мұнай өнімдерін Қазақстан аумағы арқылы импорттаумен, сол арқылы еліміздегі мұнай тасымалын жүзеге асырумен айналысады.

27.12.2014

Елбасы жалпыұлттық телекөпір барысында 15 жаңа жобаны іске қосты (ВИДЕО)

7-телеарна

Бүгін Маңғыстауда мұнай сақтайтын терминал іске қосылса, Қарағанды облысында алтын өңдеу фабрикасы жұмысын бастады. Еліміздің оңтүстігінде бельгиялық технология бойынша кілем тоқитын кәсіпорын іске қосылды. Осы секілді замануи 15 бірдей жаңа жобаны Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында онлайн режимде өзі іске қосты.

26.12.2014

ИНДУСТРИЯ МЕН ИННОВАЦИЯ – ДАМУДЫҢ «НҰРЛЫ ЖОЛЫ»

"Айқын" газеті, авторы Айхан Шәріп

Кеше Қазақстанда индустрияландырудың екінші «бесжылдығы» бастау алды. Бұл күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, бірден үш іс-шараны біріктірген «Индустрияландыру күні» өтті. 

07.12.2014

Ақтөбеде бизнес-жобалар байқауы өтті (ВИДЕО)

"24 KZ" телеарнасы 

Облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шараға 141 адам өз жобасын ұсынып, содан 20 жеңімпаз анықталған. Байқауға қатысушылардың ең жасы - 19 жастағы студент. Үлкені - зейнеткер.

11.07.2014

ЖИДЕБАЙҒА БАРҒАНДА

"Қазақ Әдебиеті" №27 (3399)

Астана қаласындағы «Абайтану» орталығы (директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы) ұйытқы болып, «Алтын қыран» Халықаралық қайырымдылық қорының (президенті Исламбек Салжанов) демеушілігімен отыз шақты адам «Ұлылар мекеніне саяхат» бағдарламасы аясында Абай еліне сапар жасадық. Көзің түскен әр ғимарат, табаның тиген әр қыр, көңілің жеткен әр адыр, тарихқа айналған мекеннің әсері де бөлек болды. Ұйымдастырушы мен демеушілерге зор алғыс айтып, көрген, көңілге түйген дүниелерді хатқа түсірмек ниетіміз еді. 

26.06.2014

Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасының алғашқы съезіне 260 делегат қатысты

"Астана" телеарнасы, "Жаңалықтар" бағдарламасы

Отандық бизнесті дамыту. Кәсіп иелерін қолдап-қорғау. Әл-ауқатымыздың артуына үлес қосып, ішкі өнімдегі үлесті еселеп арттыру. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мойнына осындай салмағы батпан жүктер артылып отыр. Бүгін Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасының алғашқы съезінде бұл міндеттер жан-жақты қаралды.