Жаңалықтар

04.07.2015

Қазақстанда Дипломатиялық бизнес-клуб құрылды

3 шілдеде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов ҚР СІМ бастамасымен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Алтын Қыран» компаниялар тобының қолдауымен құрылған Дипломатиялық бизнес-клубының ашылу рәсімінде сөз сөйлейді.

дипклубДипломатиялық бизнес-клуб дипломатиялық корпус пен қазақстандық бизнес-қауымдастығы өкілдерінің арасында байланыстарды нығайтуға бағытталған бейресми алаң болып табылады деп атап өтті сыртқы саяси ведомство басшысы. Жақын арада шетел елшілері және қазақстандық бизнесмендер қатарынан клуб қызметінің алдағы қызметін бағыттайтын Үйлестіруші кеңес (Лауазымды қызмет иелерінің кеңесі) құрылатын болады.
2 шілдеде аталып өтетін ҚР Дипломатиялық қызметі күніне қоса орай өткен іс-шарадағы сөзінде СІМ басшысы клубтың құрылуы Қазақстанның шет елдерімен сапалы іскерлік байланыстарын нығайтуға септігін тигізетінін, және бұл, әсіресе, Президент Н.Ә. Назарбаев жариялаған 5 институционалдық реформа аясында өзекті екенін атап өтті. Е. Ыдырысов жаңадан құрылған Дипломатиялық бизнес-клубының алғаш сессиясын бес реформа ішіндегі «экономиканы әртараптандыруға негіз­делген индустрияландыру және экономикалық өсім» деп аталатын үшінші реформасына арнауды ұсынды.
Іс-шара барысында Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық үшін барша жағымды жағдай жасауға бағытталған қадамдары, ең алдымен елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуы атап өтілді. Бұл қадамның маңыздылығын Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев сөйлеген сөздерінде атап өтті. Р. Ошақбаев, сонымен бірге, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру туралы бүкіл құжаттар жинағы сол күні «Атамекен» ҰКП веб-сайтында жарияланғанын айтты.
Рәсім барысында сөйлегендер, соның ішінде, шет елдерінің елшілері 2017 жылдың соңына дейін 19 ел азаматтары үшін визасыз тәртіп орнату жобасы кеңейтілуінің және ұзартылуының зор маңызын атап көрсетті. Жалпы келісілген пікір бойынша, бұл Қазақстанның халықаралық байланыстары мен ынтымақтастығының одан әрі кеңейтілуіне, инвесторлардың тартылуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстандағы дипломатиялық корпусының дуайені, РФ Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников бүкіл корпустың атынан сөз сөйлеп, Қазақстанның халықаралық беделінің жылдан жылға өсімін атап өтіп, елдегі шетел өкілдіктері санының көбеюі мен ірі іс-шаралардың өткізілуі осыны растайды деп айтты. Жаңадан ашылған Дипломатиялық бизнес-клубының байланыстарды нығайту, инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін тудыру бойынша зор болашағы да ерекше атап өтілді.
«Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры мен негізгі құрылтайшысы Исламбек Салжанов салтанатты рәсімнің қонақтарына сәлемдемесін жеткізіп, жаңа клуб шеңберінде дипломатиялық корпуспен белсенді, әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайындығын мәлімдеді.
Іс-шараны қорытындылай келе, Е. Ыдырысов жиналған қауымға, соның ішінде дипломатиялық корпус басшылары мен өкілдеріне, шетелдік және қазақстандық іскерлік топтарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдеріне алғысын білдірді. Құрылып жатқан алаң Қазақстанның шетел елдерімен көпжоспарлы сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамуында маңызды рөл ойнайды деген үмітін білдірді.