Жаңалықтар

04.07.2015

Қазақстанда Дипломатиялық бизнес-клуб құрылды

3 шілдеде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов ҚР СІМ бастамасымен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Алтын Қыран» компаниялар тобының қолдауымен құрылған Дипломатиялық бизнес-клубының ашылу рәсімінде сөз сөйлейді.

08.05.2015

Ардагерлерге құрмет

Еліміздің Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылған «Ұрпақтар алғысы» республикалық акциясының аясында «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры соғыс ардагері Мұхамбетқали Баймұратовқа мүгедектер арбасын сыйға тартты.

25.02.2015

«Жұлдызды аңыз-ертегілер» жобасы үшін жаңа ертегілер оқылды

Енді www.ertegiler.kz сайтында еліміздің белгілі өнер қайраткерлері айтып берген 29 ертегі бар. 2014 жылдың желтоқсанында жарияланған ертегілердің аудионұсқасына Жанар Айжанова, Алмас Кішкенбаев, Нұрлан Қоянбаев секілді т.б. өнер жұлдыздарының ертегілері қосылды.

26.12.2014

Астанада «Жұлдызды аңыз-ертегілер» атты сайттың тұсаукесер рәсімі өтті

Бүгін, Жаңа жыл қарсаңында, барлық қазақстандық балаға бірегей интерактивтік сыйлық ретінде «Жұлдызды аңыз-ертегілер» атты сайттың тұсаукесер рәсімі өтті. 

25.12.2014

Н.Назарбаев: Маңғыстаудағы мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу терминалының Қазақстан үшін маңызы зор

«Алтын Қыран» компаниялар тобының құрамына енетін «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС-нің Маңғыстаудағы мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу терминалы іске қосылды. Бүгін «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған нысанның іске қосылуына рұқсат берді. 

08.12.2014

«Aktobe startup» байқауының арқасында 20 ақтөбелік өз бизнесін бастауға және кеңейтуге мүмкіндік алды

Ауылдық кәсіпкерлікті дамыту ҰКП басымдылықты бағыттарының бірі екені белгілі. Ауылдық жерде шағын және орта бизнесті дамытуда өңірлік кәсіпкерлер палаталарына және олардың филиалдарына ерекше роль беріледі. Бұл жоба кәсіпкерлік қызметті дәріптеу, келешегі бар жобаларды іріктеу мақсатында кәсіпкерлікті жаңа сапалы деңгейге көтеруге бағытталған.

22.09.2014

Алматыдағы Мүгедек балалы ата-аналар қауымдастығына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Осыған дейін Алматы қаласы бойынша «Болашақ» қауымдастығы, Қазақстандағы Лондон экономикалық мектебінің түлектері қауымдастығы, Қазақстандағы Империал колледж түлектерінің қауымдастығы, «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қоры» жекеменшік қоры бірлесіп футболдан 4-қайырымдылық турнирін өткізген еді. Футболдан түскен 1 млн. 400 мың теңге толықтай аталмыш Мүгедек балалы ата-аналар қауымдастығының оңалту орталығының қажеттіліктеріне жұмсалмақ.

14.06.2014

"Алтын Қыран" қорының қолдауымен Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының жанынан Кәсіпкерлікті дамыту орталығы ашылды

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, «Алтын Қыран» Халықаралық қайырымдылық қорының президенті, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы  Исламбек Салжанов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ірі компаниялардың басшылары қатысты.

05.05.2014

Астанада екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигельдинов туралы «Подняться в воздух!» фильмінің тұсаукесері өтті

Бүгін Астанада  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигельдинов туралы «Подняться в воздух!» фильмінің тұсаукесері өтті.

Батыр туралы кинотуынды 9 мамыр күні сағат 13.10-да «Астана» және сағат 17.15-те «Хабар» телеарналарының экранынан көрсетілетін болады. Фильмде киношежіренің сирек кадрлары қолданылған. Фильмнің сценариін ҚР мәдениет қайраткері Лаврентий Сон жазса, ал қоюшы режиссері Ерген Тоқмұрзин. Талғаттың жастық шағын жас актер Әзімхан Ахмет ойнады. 

презентация фильма

24.04.2014

"БАТЫРЛАРДАН ӨНЕГЕ" САЙЫСЫ ӨТТІ

 2014 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының № 2 Қосшы орта мектебінде «Алтын Қыран» корпоративті қайырымдылық қоры, Мемлекеттік тілді дамыту қоры, «Алдаспан» қоғамдық қорымен бірлесіп, Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Батырлардан өнеге» атты 5-10 сынып оқушылары арасында батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын өткізді.