Компаниялар тобы

Бүгінгі «Алтын Қыран»

«Алтын Қыран» - Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін, серпінді түрде дамып келе жатқан компаниялар тобы. Компаниялар тобының жұмысы өнеркәсіп пен экологиялық қауіпсіздік салалары бойынша халықаралық стандарттарға сай болу және әлеуметтік жауапкершілік принциптеріне негізделген.

«Алтын Қыран» компаниялар тобы өз жұмысын 1993 жылы Ақтөбе қаласында бастады. «Алтын Қыранның» Атырау қаласында «GE Logistics» ЖШС, «Golden Eagle Group» ЖШС, «РЭК Махамбет» ЖШС мен Ақтауда «АСКИ-Мангистау» ЖШС атты еншілес компаниялары бар.

Әуелде кішігірім сауда-делдал компаниясы ретінде құрылған «Алтын Қыран» бүгінгі таңда:

  • мұнай өнімдерінің (экспорт-импорт) көтерме саудасы;
  • көлік-логистика қызметінің (оның ішінде, жеке теміржол паркін жалға беру) барлық түрі;
  • Ақтау қаласындағы халықаралық теңіз сауда портында мұнай өнімдерін қабылдап, сақтап, ауыстырып құятын жоғары технологиялы терминал салу және оны пайдалану;
  • булау және теміржол цистерналарын жуу цехы мен вагондар тұрағы бар заманауи вагон-жөндеу депосын салу және пайдалану

cияқты әлеуметтік маңызы бар бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

артқа