Көлік-экспедиторлық қызмет

Көлік-экспедиторлық қызметін түрін көрсетумен «Алтын Қыран» компаниялар тобындағы «GE Logistics» компаниясы айналысады.

«GE Logistics» ЖШС-і мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы, сондай-ақ ТМД елдеріндегі ірі теміржол экспедиторлары арасында көлік-экспедиторлық қызмет көрсету турасында келісім-шарт бар.

«GE Logistics» ЖШС-і республикаішілік, экспорт-импорт және транзит жүктерін жеке және жалға алған жылжымалы құрам арқылы көлік-экспедиторлық қызмет көрсету түрлерін жүзеге асырады.

Компания Қазақстан, ТМД елдері мен Еуропа одағындағы теміржолдар арқылы жүзеге асатын көлік-экспедиторлық қызметтің барлық түрін қамтиды. Оларға:

  • Оңтайлы логистикалық бағыт әзірлеу мен тасымалды ұйымдастыру бойынша ақыл-кеңес беру;
  • ҚР, ТМД және Балтық елдеріндегі теміржол тарифтерін есептеу;
  • Тапсырыс беруші мен жүкті жөнелтушілерге жеделхат пен нұсқау (кодтарды көрсету) беру;
  • Жүктерді кедендік рәсімдеу және өңдеу;
  • Тасымалдануға шығарылған жүктерді қабылдап алу және жөнелту;
  • Қазақстан Республикасы, экспорт-импорттық және транзиттік бағыттар тасымалының негізгі және қосымша жоспарын келістіру жұмыстарына жәрдем беру;
  • Вагондардың қайда тұрғандығы жайлы ақпарат және вагондардың келу болжамын жасау қызметі кіреді.

«GE Logistics» компаниясы жайлы толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.

артқа