Мұнай өнімдерін сату

«Алтын Қыран» компаниялар тобына кіретін «Golden Eagle Group» сауда компаниясы мұнай өнімдерін саудалау саласында жұмыс істейді. Компания Атырау қаласында орналасқан.

Компания Ресей («ТНК-ВР», «Русснефть», «Лукбелойл») мен Қазақстаннан мұнай сатып алу және оны Атырау мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) тасымалдау, сондай-ақ Атырау МӨЗ-да өңделген мұнай өнімдерін ішкі нарық пен экспортқа шығару және Ресейден мұнай өнімдерін импорттау жұмыстарымен айналысады.

Қазақстандағы негізгі тұтынушылардың қатарында ТШО, Lufthansa Airlines, Air Astana, Иволга Холдинг бар.

Негізгі бағыттар: Ақтау портынан — Ресей, Украина, Латвия, Эстония, Моңғолия, Ауғанстан, Финляндия, Әзірбайжан, Иранға.

Негізгі мұнай өнімдері: бензин, дизельді отын, мазут, пеш отын.

«Golden Eagle Group» компаниясы жайлы толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.

артқа