Қызметі

Көлік-экспедиторлық қызмет

Көлік-экспедиторлық қызметін түрін көрсетумен «Алтын Қыран» компаниялар тобындағы «GE Logistics» компаниясы айналысады.

«GE Logistics» ЖШС-і мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы, сондай-ақ ТМД елдеріндегі ірі теміржол экспедиторлары арасында көлік-экспедиторлық қызмет көрсету турасында келісім-шарт бар.

«GE Logistics» ЖШС-і республикаішілік, экспорт-импорт және транзит жүктерін жеке және жалға алған жылжымалы құрам арқылы көлік-экспедиторлық қызмет көрсету түрлерін жүзеге асырады. Бүгінгі таңда компания 3722 вагоннан тұратын паркке ие болса, соның 2822 вагон-цистернасы мұнай мен мұнай өнімдерін, 900 жартылай ашық вагоны сусымалы жүктерді тасымалдауға арналған.

Компания Қазақстан, ТМД елдері мен Еуропа одағындағы теміржолдар арқылы жүзеге асатын көлік-экспедиторлық қызметтің барлық түрін қамтиды. Оларға:

  • Оңтайлы логистикалық бағыт әзірлеу мен тасымалды ұйымдастыру бойынша ақыл-кеңес беру;
  • ҚР, ТМД және Балтық елдеріндегі теміржол тарифтерін есептеу;
  • Тапсырыс беруші мен жүкті жөнелтушілерге жеделхат пен нұсқау (кодтарды көрсету) беру;
  • Жүктерді кедендік рәсімдеу және өңдеу;
  • Тасымалдануға шығарылған жүктерді қабылдап алу және жөнелту;
  • Қазақстан Республикасы, экспорт-импорттық және транзиттік бағыттар тасымалының негізгі және қосымша жоспарын келістіру жұмыстарына жәрдем беру;
  • Вагондардың қайда тұрғандығы жайлы ақпарат және вагондардың келу болжамын жасау қызметі кіреді.

«GE Logistics» компаниясы жайлы толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.

Теміржол вагон-цистерналары мен жартылай ашық вагондарды жалға беру

«GE Logistics» ЖШС-і мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған 15-1547-03 және 15-1566-06 моделді вагон-цистерналар мен сусымалы және кесекті жүктерді тасымалдауға арналған, жауын-шашыннан қорғалған 12-1704-04 моделді әмбебап люкті жартылай вагондардан тұратын жеке теміржол жылжымалы құрамын жалға береді.

Біз тапсырыс берушіге вагонды өзі ойластырған шарт негізінде жалға беру мүмкіндігін ұсына аламыз.

«GE Logistics» компаниясы жайлы толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.

Мұнай өнімдерін саудалау

«Алтын Қыран» компаниялар тобына кіретін «Golden Eagle Group» сауда компаниясы мұнай өнімдерін саудалау саласында жұмыс істейді. Компания Атырау қаласында орналасқан.

Компания Ресей («ТНК-ВР», «Русснефть», «Лукбелойл») мен Қазақстаннан мұнай сатып алу және оны Атырау мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) тасымалдау, сондай-ақ Атырау МӨЗ-да өңделген мұнай өнімдерін ішкі нарық пен экспортқа шығару және Ресейден мұнай өнімдерін импорттау жұмыстарымен айналысады. Қазақстандағы негізгі тұтынушылардың қатарында ТШО, Lufthansa Airlines, Air Astana, Иволга Холдинг бар.

Негізгі бағыттар: Ақтау портынан – Ресей, Украина, Латвия, Эстония, Моңғолия, Ауғанстан, Финляндия, Әзірбайжан, Иранға.
Негізгі мұнай өнімдері: бензин, дизельді отын, мазут, пеш отын.

«Golden Eagle Group» компаниясы жайлы толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.

Мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу

«Алтын Қыран» компаниялар тобының «АСКИ-Мангистау» сервистік компаниясы мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу қызметін ұсынады. Компания Ақтау қаласында орналасқан.

Қазіргі уақытта Ақтау портында мұнай өнімдерін (бензин, дизельді отын мен мазут) қабылдау, сақтау және ауыстырып тиеуге арналған терминал құрылысы аяқталуға жақын.

Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен «құрылыс индустриясы мен өндірістік инфрақұрылым саласы» бөлімі бойынша елді индустриализациялау картасына енгізілген.

«АСКИ-Мангистау» компаниясына қатысты толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.

Вагон-жөндеу депосы

Атырау қаласында орналасқан «РЭК-Махамбет» сервистік компаниясы жөндеу, цистерналардың іші-сыртын жуу және цистерналардың теміржол жылжымалы құрамын тұраққа қою жұмыстарымен айналысады.

«РЭК-Махамбет» жайлы толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.

артқа