Қайырымдылық қоры

"ALTYN KYRAN" қайырымдылық қоры 2011 жылдың басында құрылғанымен, іс жүзінде, «Алтын Қыран» компаниялар тобы қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды 10 жылдам астам уақыт бойы жүзеге асырып келген. Кейіннен бұл жұмысты тұрақты және жүйелі түрде жүргізу мақсатында аттас корпоративтік қайырымдылық қор құру туралы шешім қабылданды.

Қордың Президенті және құрылтайшысы – «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры Исламбек Төлеубайұлы Салжанов. Қордың негізгі қызметтері:

  • отандық мәдениет, өнер, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу;
  • осы салаға қомақты үлес қосқан Қазақстанның көрнекті қайраткерлерін қолдау;
  • қазақстандық қоғамды біріктіруге қабілетті ұлттық идеяны қалыптастыруға атсалысу;
  • патриотизмді, ұлттық салт-дәстүрді, адамгершілік және этикалық қағидалар мен мәдени құндылықтарды насихаттау;
  • мемлекеттік тілдің дамуына жәрдемдесу;
  • қоғамдық ортада салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау;
  • жоқ-жітіктер мен тұрмыс жағдайы нашар адамдарға, қарттар мен мүгедектерге, жетім балалар мен көмекке зәру оқушылар мен студенттерге қол ұшын созып, дарынды һәм талантты балаларды жарыққа шығарып, оларға жан-жақты қолдау көрсету.

Қор осы бағытта орталық және жергілікті атқару органдары, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жүйелі және мақсатты түрде жұмыс атқаруда.

Осы жылдар ішінде қайрымдылық қозғалыс біраз жолды артқа тастап, біздің жұмысымыз мағыналы, әрі кәсіби деңгейге көтеріліп, біршама жобалар бойынша біз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік.

Бірнеше жыл қатарынан "ALTYN KYRAN" қорының жұмысына белсене араласып келе жатқан қор қызметкерлерінің мықты ұстыны қалыптасып, олар қазақ әдебиеті, тілі һәм мәдениетінің дамуына қомақты үлес қосқан әлеуметтік маңызды жобалардың ұйтқысы да бола білді.

Біз өз Қорымыздың еліміздің әр түкпірінде еріктілері, көмекшілері және тұрақты серіктестері пайда болғанына шын жүректен қуаныштымыз.

"ALTYN KYRAN" қоры мен билік органдары, негізгі үкіметтік емес ұйымдар және даму институттары арасында конструктивті диалог құру қажеттілігінің туындауына байланысты аталмыш қызметті заңдастыру туралы шешім қабылданды.

артқа